«Өтемақы төледі»: әйелді баспалдақтан итерді деп айыпталған Амантай қажы сотта жазадан құтылып кетті
Амантай қажыға ұатысты даулы іске нүкте қойылды.
Алматыда спорт кешендерінің бірінде әйелді баспалдақтан итеріп жібергені үшін айыпталған Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс Алмалы аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желідегі ақпаратқа сенсек, оқиға салдарынан жәбірленуші әйел жамбас сүйегін сындырып алған. Бастапқыда іс қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") тергеліп жатты. Алайда 23 қыркүйекте сотта айыптау қайта қаралып, іс 114-баптың 3-бөліміне ("Абайсызда ауыр зиян келтіру") ауыстырылды.
83 жастағы Амантай қажы денсаулығына байланысты сот отырысына қатысқан жоқ. Бірақ арнайы өтініш жазып, медиативтік келісімге келгенін, екі тараптың да ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан. Судьяның айтуынша, Амантай қажы моральдық және материалдық шығынды өтеген. Ал компенсация мөлшері жарияланбады.
"Мен адал, таза адаммын. Ешқандай қылмыс жасаған жоқпын. Оны итерген емеспін", – деді сотта Амантай қажы.
Ал прокурор, айыпталушы және оның қорғаушысы Жанғазы Күнсеркин істі тоқтату туралы өтінішті қолдады.
"Жәбірленушінің денсаулығы қалпына келді деп үміттенеміз. Асылбек мырзаның отбасы айтарлықтай сомада өтемақы төледі", – деді Жанғазы Күнсеркин.
Адвокат қылмыстық баптың ауыстырылуына оқиға орны әсер еткенін айтады.
Сот екі тараптардың татуласуы мен шығынның өтелуіне байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды.