Спорт

"Қайрат" "Реалмен" өтетін матчтың билеттері түгел сатылып кеткен

"Қайрат" пен "Реал" кездесуіне барлық билет сатылып кетті.

"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі алдағы "Реалға" қарсы ойынға билеттер түгел сатылып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Баспасөз қызметі атап өткендей, "Қайрат" пен "Реал" кездесуіне барлық билет сатылып кетті. УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.

"Стадион аумағына 18:45-тен бастап кірсе болады, яғни ойын басталардан үш сағат бұрын ашылады. Жанкүйерлерге тексеруден еркін өтіп, кезекте тұрмау үшін алдын ала келіңіздер дейміз. Стадионға үш жақтан, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынов көшесі жағынан кіре аласыздар.

Freedom SuperApp арқылы сатып алынған билет матч күні көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі. Ал Qairat SuperApp мобильді қосымшасында шын QR-код ойынға бірнеше сағат қалғанда ғана пайда болады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, Қазақстанда "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынға билеттер алғысы келген интернет қолданушылары кезекке тұрған болатын.