Басты жаңалықтар

Астанада қарттар күнінде зейнеткерлерге бір реттік төлем беріледі

Астаналық зейнеткерлер мерекеге орай бір реттік төлем алады.

Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлемдер бөлінеді, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті.

Біржолғы төлем мөлшері екі жарым айлық есептік көрсеткішті (АЕК) – 9830 теңге.

Көмек жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлерге, оның ішінде ең төменгі зейнетақы алатын және елордада тіркелген қарттарға беріледі.

"Астана мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес, әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі", – деп хабарлады Астана жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынған ресми деректерге сәйкес, Астанада Қарттар күніне орай 100 мыңнан аса зейнеткер ақшалай көмек алады.

Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда аталып өтеді.