Өскеменде халық емшісіне барған 65 жастағы зейнеткер мүгедек болып қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:35
- 39

Халық емшілеріне жүгінген 65 жастағы зейнеткер мүгедек болып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол ауыр хәлде ауруханаға түскен. Өскемендегі арнайы облыстық медициналық орталықтың дәрігерлері өмірін сақтап қалған.
«65 жастағы ер адам ауруханаға түскенде ес-ақылын жартылай ғана білді. Дәрігерлер менингит диагнозына күдіктеніп, дереу зерттеу жүргізді. Анықталғандай, зейнеткер 20 күн бойы халық емшісіне барып, емделген. Ол зейнеткердің омыртқасына 20 күн екпе еккен», - деп хабарлаған аурухананың баспасөз қызметі.
YK-news.kz жазғандай, дәрігерлер бірден зерттеу жүргізіп, бірнеше диагноз қойған: омыртқасы жансызданған, екінші дәрежелі менингит, басқа да ауыр сырқаттар.
«Орталықтың дәрігерлері ер адамды құтқарушы үшін терапия жүргізді. Науқас есін жиып, сөйлей бастады. Бірақ, ауруханаға кеш келгендіктен, екі аяғы жүрмей қалды, жамбасының жұмысы бұзылды», - деп хабарлайды аурухана.