«400 мың теңге пара алған»: қазақстандық шенеунік 20 миллион теңге айыппұл арқалады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:26
- 24

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Қайрат Ахметов кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін сотталды. Шенеунік оған аудандық маңызы бар жолдарды жаз мезгілінде күтіп-ұстау бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып беруге уәде еткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты.
"Есіл аудандық соты санкция шеңберінде Ахметовке пара мөлшерінен елу есе көп айыппұл, яғни 20 миллион теңге көлемінде айыппұл салу жазасын тағайындады. Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды", – делінген Есіл аудандық прокуратурасының хабарласында.
Айта кетсек, шенеунік бұған дейін де заң бұзған. Шілде айында оның мәселесі өңірлік тәртіптік кеңесте қаралған. Ол мердігерлерге орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеген.
Ұқсас жаңалықтар
Ардақ Назаров қайда білім алған?: депутатқа қатысты тағы да шу шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 қыркүйек, 2025
Қырғызстан неге Қазақстаннан жанармай сатып алмайтынын түсіндірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қыркүйек, 2025