Қоғам

“Қаласа, тексере берсін”: Ардақ Назаров желіде тараған өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді

Ардақ Назаров біліміне қатысты тараған ақпаратқа қатысты айтты.

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың біліміне қатысты желіде ақпарат тараған болатын. Соған қатысты жауап берді,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол өзінің Назарбаевтар отбасының күзетшісі болғаны және бір жылда екі диплом алғаны туралы әңгімелер шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

«Қаласа, тексере берсін – прокуратурада болсын, басқа органдарда болсын. Мен алдымен колледж бітірдім, содан кейін бакалавр дәрежесін алдым. Одан соң заң факультетін, кейін экономика мамандығын әртүрлі жылдары тәмамдадым», – деді ол.

Назаров 2009 жылы Қазақ қатынас жолдары университетінде бакалавриатты, 2011 жылы сол оқу орнында «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған айтты. Сондай-ақ, сол жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша да білім алған.

«Яғни, бакалавриат – 2009 жылы, магистратура – 2011 жылы, сонымен қатар қатарлас заңгерлік білім алдым», – деп түсіндірді ол.

Ал жалған ақпарат таратқандарға қарсы сотқа шағымданбайтынын жеткізді.