Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі лауазымынан босатылды
Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ал оның орнына мемлекет басшысының Жарлығымен сыртқы істер министрі болып Ермек Көшербаев тағайындалды.
Айта кетейік, Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
2007 жылы – Қазақстан Республикасының парламенті сенатының аппараты басшысының орынбасары.
2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты аппаратының басшысы.
2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары.
2022 жылғы қаңтардан ақпанға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 1 ақпаннан 2022 жылғы 26 қарашаға дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды.
2022 жылғы 26 қарашада мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде Мұрат Нұртілеу еліміздің премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
2024 жылы 6 ақпанда Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Еске сала кетейік, биыл қыркүйекте БАҚ-та сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы қауесет тарады. Іле-шала Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Осы орайда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратпауға, журналистік этиканы естен шығармауға шақырды.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі де ведомство басшысының ұсталғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, мұны журналистік этиканы және еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп бағалайтындарын жеткізді.
Ұсталғаны туралы қауесеттен соң Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу парламент ғимаратында кей ақпарат құралдарында өзі туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді.