Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зүлфия Сүлейменова Тоқаевтың кеңесшісі қызметінен босатылды

Зүлфия Сүлейменова Тоқаевтың кеңесшісі қызметінен босатылды
kyn.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі, әрі президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KYN.KZ  тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Кадрлық ауыс-түйіс

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенова мен Ернар Баспаевты қызметтерінен босатты.

Сондай-ақ Күнсұлу Закария енді Тоқаевтың кеңесшісі қызметін атқармайды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар