Басты жаңалықтар

Жаңбыр қарға ауысады: 27-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағында жел күшейіп, күн суытады.

Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қазақстанның солтүстік бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен жаңбыр, кей жерлерде нөсер күтіледі, 28–29 қыркүйекте жаңбыр қарға ауысуы ықтимал. Елдің оңтүстік бөлігінде оңтүстік циклон әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады.

28 қыркүйектен бастап солтүстік аймақтарға суық антициклон кіргеннен кейін, ол оңтүстікке жылжиды. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Температуралық фон төмендегідей болады:

  • елдің батысында: түнде +3…+8, күндіз біртіндеп +10…+18-ден +13…+22 градусқа дейін жылы;
  • оңтүстік-батыста: түнде +10…+15-тен +7…+12 градусқа дейін төмендеп, күндіз +13…+18-ден +18…+23 градусқа дейін жылы болады;
  • солтүстік-батыс пен солтүстікте: түнде +3…+13-тен -1…-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +10…+15-тен +3…+10 градусқа дейін жылы болады;
  • Павлодар облысында, елдің орталығында: түнде +5…+15-тен +2…+7 градусқа дейін төмендеп, күндіз +22…+28-ден +7…+18-ге дейін жылы;
  • шығыста: түнде +2…+10-нан +7…+15 градусқа дейін ауытқып, күндіз +25…+30-дан +20…+25-ке дейін төмендейді, өңірдің солтүстігінде +10…+15 градус жылы;
  • оңтүстікте: түнде +9…+18-ден +5…+13 градусқа дейін төмендеп, күндіз +22…+32-ден +15…+28-ге дейін жылы;
  • оңтүстік-шығыста: түнде +10…+15, таулы аймақтарда +0…+5 градус, күндіз +23…+30, таулы өңірлерде +15…+20 градус жылы.