Қоғам

«Жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін»: 28-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндері елімізде ауа равйы күрт өзгереді.

Елімізде алдағы күндері ауа райы суытып, түнде тұман түседі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Қазгидромет” РМК мәліметінше, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. 28-29 қыркүйекте жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда оңтүстік циклон әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей өңірлерде тұман түсуі ықтимал.

    •    28 қыркүйектен бастап солтүстік облыстарға салқын антициклон енеді, кейін ол оңтүстікке ығысып, елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
    •    Батыста түнде +3…+8°, күндіз +10…+18-ден біртіндеп +13…+22°-қа дейін жылынады.
    •    Оңтүстік-батыста түнде салқындайды: +10…+15-тен +7…+12°-қа дейін, күндіз +13…+18-ден +18…+23°-қа дейін көтеріледі.
    •    Солтүстік-батыс пен солтүстікте айтарлықтай төмендеу күтіледі: түнде +3…+13-тен −1…−6°-қа дейін, күндіз +10…+15-тен +3…+10°-қа дейін.
    •    Шығыста түнде +2…+10-нан +7…+15°-қа дейін, күндіз +25…+30-дан +20…+25°-қа дейін, ал солтүстік бөлігінде +10…+15° шамасында болады.
    •    Оңтүстікте түнде +9…+18-ден +5…+13°-қа дейін, күндіз +22…+32-ден +15…+28°-қа дейін төмендейді.
    •    Оңтүстік-шығыста түнде +10…+15°, тауда 0…+5°, күндіз +23…+30°, таулы аймақтарда +15…+20°.