Денсаулық

«Ұйықтар алдында телефондарды алып тастау керек»: мамандар баланы мектеп тәртібіне оңай үйретудің жолдарын айтты

Мамандар баланы мектеп тәртібіне оңай үйрету үшін не істеу керекін түсіндірді.

Ата-аналар үшін қыркүйек айы әдеттегі мектеп тәртібіне қайтып оралу болса, онда балалар үшін бұл өзіндік стресс болуы мүмкін. Осы орайда отандық мамандар оқуға енді кірісіп жатқан бала мектепке оңай бейімделуі үшін не істеу керектігі тұрғысынан бірқатар кеңесін ортаға салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық психология және даму орталығының жетекшісі Марина Фисунның айтуынша, қазіргі балалардың сезімталдығы жоғары.

"Біріншіден, альфа буынының психологиялық ерекшеліктері бар. Олар өз ата-аналарына қарағанда сезімтал келеді. Эмоцияларын, күйзелісте екендігін ашық айтады, өздеріне назар аударуды талап етеді – олардың болмысы осындай. Сондықтан біз оларды түсінуге тырысуымыз керек", – деді Марина Фисун.

Ал дәрігерлер қазіргі жасөспірімдердің басты мәселесі – балалардың оқуға бейімделуіне кедергі болатын, ашушаңдық пен стресс тудыратын гаджеттер деген пікірде. Дәрігерлер бұрынғы оқу режиміне тез оралу үшін телефондар мен компьютерлерді пайдалануды азайтуға кеңес береді.

"Медициналық тұрғыдан, бейімделудің негізі – биологиялық ырғақ. Жазда балалардың тәуліктік ырғағы, яғни ұйқысы мен сергектігі бұзылады. Ал мектеп ырғағына тез көшу балада ашушаңдықты, шаршауды немесе зейіннің төмендеуін тудырады. Мәселе мынада – балалар қазір гаджеттерде отыруды ұнатады. Ұйықтар алдында екі-үш сағат бұрын телефондарды алып тастау керек – бұл мелатонин деңгейін төмендетуге көмектеседі, ал мелатонин – ұйқы гормоны", - деп кеңес берді мектеп медицинасының үйлестірушісі Айжан Балтажан.

Мектепке дайындықты тамыз айында, яғни 2-3 апта бұрын бастаған жөн. Бірақ кейбіреулер демалыс күндерін күнделікті тәртіпті қалпына келтірумен өткізгісі келмейді. Сондықтан мұғалімдердің өз лайфхактары бар.

"Балаңызды әдеттегіден 15-20 минут ерте оятуға тырысыңыз. Бұл оларға қажет тәртіпке тезірек енуге көмектеседі. Сондай-ақ ата-аналар үшін өте пайдалы болатын чек-лист пайдалануға болады. Күннің соңында балаңызбен бірге отырып, келесі күнге не қажет екенін парақшаға толтырыңыз", – деп атап өтті облыстық психологиялық қолдау орталығының психологиялық бөлімінің меңгерушісі Наталья Базалик.

Сондай-ақ жаттығуларды елеусіз қалдырмаңыз - бұл мектеп күнін көңілді және жағымды бастауға көмектеседі, дейді мамандар.