Қоғам

«Реал» Алматыға келді: «Қайратқа» қарсы ойнайтын құрамның тізімі жарияланды

Алматыға ұшып келген футбол клубын жанкүйерлері қарсы алды.

Испаниялық футбол клубы «Реал» Алматыға ұшып келді. Оларды мыңдаған жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қазақстанға кімдер келгені белгілі болды. Бірақ нақты құрам ойын басталардан бір сағат бұрын белгілі болады.

"Реалдың" құрамы:

  • Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
  • Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

Ал жарақат алып, Алматыға келе алмай қалғандар тізімінде Трент Александр-Арнольд, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Даниэль Карвахаль және Эдер Милитао бар.

Еске салайық, биылғы маусымда "Қайрат" алғаш рет өз тарихында Чемпиондар лигасында ойнайды. Алматы командасының Қазақстандағы алғашқы матчі 30 қыркүйекте сағат 21:45-те мадридтік "Реалға" қарсы өтеді.