Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
Жаңа оқу-ағарту министрі тағайындалды.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды”,- делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Еске салайық, бүгін таңертең Мемлекет басшысы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты.