Қостанай облысында қар жауып, көліктер жүре алмай қалды
Қостанайда қалың қар жауды.
Қостанай облысына қар жауып, тоғыз көлік жолдан шығып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Қостанай қаласында, Меңдіқара және Фёдоров аудандарында таңертеңнен бастап қар аралас жаңбыр жауған. Қыс мезгіліне әлі дайындалып үлгермеген жүргізушілер апатты жағдай тудырып жатыр.
«Қостанай – Алматы – Екатеринбург республикалық тас жолына ерекше назар аудардық. Таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін жол шетіндегі сайға сырғанап кеткен тоғыз автокөлікті шығардық. Мәселен, жолдың бір учаскесінде Alphard және Volkswagen көліктерінің жүргізушілері рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Оларға патрульдік полиция қызметкерлері көмектесіп, қасынан өтіп бара жатқан жүк көлігі мен бейжай қарамаған жүргізушілердің көмегімен көліктерді қар құрсауынан алып шықты», - деп хабарлайды полиция.