Қоғам

Қанат Шарлапаев тағы бір қызметінен босатылды

Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жалғыз акционерінің 25 қыркүйектегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды», - деп жазылған хабарламада.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесі енді алты адамнан тұрады.

Еске салайық, өткен аптада Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды.