«Килиан Мбаппені көруді армандаған»: Алматыда «Реал» командасының ойыншылары мүгедек баланың арманын орындады (ВИДЕО)
Футбол ойыншылары ерекше баланың арманын орындады.
«Реал» командасының ойыншылары Алматыда Санжар есімді мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматыда жаттығу алдында арбаға таңулы бүлдіршіннің жейдешесіне футболшылар қолтаңбасын қойып, балақайды қуантты.
Оқиғаның видеосын «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев Instagram парақшасында жариялады.
«Бүгін мен өзінің сүйікті командасын, әсіресе Килиан Мбаппені көруді көптен бері армандаған Санжарды Реал Мадрид жаттығуына шақырдым. Санжар өзінің кумирімен кездесіп қана қоймай, бүкіл командамен көрісті: ойыншылар оны жылы қарсы алып, суретке түсіп, қолтаңба берді. Бала үшін бұл өмірінің соңына дейін есте қалатын сәт болады.
«Қайратта» біз спорттың барлығына қолжетімді болуы үшін жүйелі жұмыс жүргіземіз. Әріптестеріміздің арқасында алдағы матчта жанкүйерлермен бірге трибунада пара-спортшылар мен ерекше қажеттіліктері бар қоғамдастықтың өкілдері болады.
Футбол және маңызды оқиғалар баршаға ашық болуы керек. Бұл біздің миссиямыздың бір бөлігі және біз спорт арқылы ешкім өзін тыс қалдырмайтын кеңістік жасай алатынымызға қуаныштымыз», - дейді Қайрат Боранбаев.