Қостанай облысында 51 жастағы ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Полицейлер әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікпен ер адамды қамауға алды.
Қостанай облысында ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әулиекөл ауданында отбасына қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 51 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстаған.
"Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары барлық мән-жайларды мұқият анықтап жатыр", - делінген хабарламада.
Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінген.