Спорт

«Қайрат» пен «Реал» матчына байланысты Алматы көшелері сағат 16.00-де жабыла бастайды

Алматыда бүгін көшелер жабылады.

Бүгін «Қайрат» пен «Реалдың» арасындағы матчқа байланысты Алматыдағы көшелер сағат 16.00-ден бастап жабыла бастайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының полиция департаменті қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін және ойынды жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосу үшін Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізеді.

Сағат 16:00-ден бастап мына көшелерде қозғалыс шектеледі:

  • Абай даңғылы (Байзақовтан Сейфуллинге дейін)
  • Сәтбаев даңғылы (Байзақовтан Сейфуллинге дейін)
  • Байтұрсынов көшесі (Тимирязевтен Шевченкоға дейін)

Полиция осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарға жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алу керек дейді.