Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шетелде оқитын едің ғой»: Төреғали Төреәлінің қарындасы діни ұстаз болғысы келетінін айтты

«Шетелде оқитын едің ғой»: Төреғали Төреәлінің қарындасы діни ұстаз болғысы келетінін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Төреғали Төреәлінің қарындасы діни ұстаз атанбақ.

Танымал блогер Фариза Төреәлі діни білім алып, ұстаз атанбақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

«Түсім бе, өңім бе деп сене алар емеспін. Тұла бойымды қуаныш та, толқу сезімдері де кернеп барады. Жүрегім ілімге шөлдеді. Ал мен бұлақтың бастауына бет алдым. Илаһиятқа түстім. Алланың жолында ілім алу – менің үлкен арманым еді. Раббым осында Өзі алып келді, өзі нәсіп етті. Жауапкершілік үлкен. Әр адамның өз жолы бар. Мен өзімді түрлі бағытта көрдім, жүрегімнің қалауын іздедім. Менің жолым руханият екенін сезінемін, сеземін. Алла қалауымен екі өміріме азық болатын терең білімді алып, өзіме ғана емес, қауымға да пайда бергім келеді. Ниетімді күн сайын жаңалап, Алла арманымдағы білім жолын нәсіп еткенін сезінген сайын көзіме жас аламын. Оқу арабша және түрік тілдерінде болмақ. Фариза ұстаз болып ғана қоймай, бірнеше тілдерді жетік меңгеретінімді ойлап шабытым арта түседі. Алла зейінімізді ашсын!», – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары желі жұлдызының жаңа бастамасына қатысты неше түрлі пікірлер білдірді.

Олар «Сіз үшін қуаныштымын», «Америкадағы оқуы не болды?», «Ұстаз деген мектепте болады», «Фари ұстаз дегенді аузыма салған», «Шетелдік университеттен шақыру алып, сол жақта оқитын едің ғой», «Осы қыздың дипломы да жоқ» деп жазды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар