Блогерге 600 мың теңгеге торт пісіріп берген кодитер одан 3 млн теңге моральдық төлем талап етті
Кондитер 600 мың теңгеге торт пісіріп беріп, блогерден ақшасын ала алмай қалды.
Блогер Аселина Батырдың мерекесіне орай 600 мың теңге тұратын торт пісіріп берген кондитер Нұршат Ақбергенова ақшасын ала алмай жүр. Оның адвокаты Аржан Сәдуақас жәбірленуші 3 млн теңге моральды төлем талап ететінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Моральдық зиян мәселесін атап өткім келеді. Менің сенім білдірушімнің моральдық зияны әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралған ақпараттан туындады. Талапкер тарапынан айтылған сөздер ішінде «алаяқ» деген ауыр айыптаудан бөлек, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын өзге де сөздер қолданылды. Бұл жағдай оның жан дүниесіне ауыр соққы беріп, терең күйзеліске әкелді. Сондықтан ол өзіне тиген моральдық зиянды субъективті түрде 3 миллион теңге көлемінде бағалап отыр», - дейді Аржан Сәдуақас.
Осыған дейін блогерді қорғайтын тарап сот отырысы БАҚ-тың қатысуынсыз өтсін деген талап қойған болатын.