Мәдениет

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчы: Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлдары билетті 600 мың теңгеге сатылымға шығарды

Өнер иелерінің ұлдары алдын-ала билет сатып алып, оны қымбат бағаға сатпақ.

Танымал әншілер Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің балалары Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" ойынына арналған билеттерді қымбатқа қайта сатып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Олжас Еспанов бірнеше билет сатып алғанын және оларды жоғары бағамен сататынын мәлімдеген.

"Бір билет бағасы – 600 мың теңге. 500 мыңдық билеттер де бар. Билеттер қайта сатылымға шықты. Саудасы бар аз-маз. 34 сектор, 9 қатардан екі билет бар. Әрқайсысы 500 мың теңгеден болады. "Қайрат" клубының мүшелеріне шақыру билеттер. ЖСН жазып керек емес, сканерлеп өте бересің", – деп жазды ол.

Көп ұзамай Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет те билеттерін жарнамалады.

"9, 14, 1, 8 қатарлардан билеттер бар. 350 мың теңгеге беремін. Тездетіп жекеме жаза қойыңдар", – деп жариялады ол.

Бұл хабарландырулар жанкүйерлердің ашу-ызасын туғызды.

Біз сайт істемей тұрғанда билет ала алмай қалдық. Ал бұлар 20-дан алыпты. Барлығымыздың құқығымыз бірдей емес пе», "Полицияға арыз жазу керек", "250 мыңдық билетті 1 миллионға сатып пайда көріп отыр" деп жазды олар.