Басты жаңалықтар

Қарағандыда полиция пунктінен есінен танған полицей мен әйелдің өлі денесі табылды

Қазір полиция қызметкері емдеу мекемесінде.

Ресми деректерге сәйкес, өткен түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің денесі табылған. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері болған, ол медициналық мекемеге жеткізілді.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұловтың айтуынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалған.

"Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей медициналық мекемеге жеткізілді. (...) Барлық іс-әрекет жан-жақты тергеледі, ал кінәлі тұлғалар қатаң жауапқа тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Бұл істің тергелу барысы менің жеке бақылауымда", — деді Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов.