«Қайраттың» 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады
Шерхан Қалмұрзаға белгілі кәсіпкер көлік берді.
Кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шерхан Қалмұрзаға чемпиондар лигасындағы ойыны үшін lexus маркалы автокөлігінің кілтін табыстады.
Спортшы қуанышын жасыра алмай, алғысын білдірді.
Желі қолданушылары да Шерхан үшін қуанды, кәсіпкерге алғыс айтуда.
Олар “Көз жасымды ұстай алмай қалдым”, “Бүкіл ел болып сені қолдаймыз”, “Міне нағыз жігіт”, “Әбден лайық, мақтан тұтамыз”, “Қандай жылы, әсерлі, тамаша көрініс” деп жазды.
Клубтың жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза “Реал Мадрид” пен “Қайраттың” ойынында өзін ерекше көрсете алды.