Алматы облысында анасы мен сәбиі тірідей өртеніп кетті
Алматы облысында өрт салдарынан анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті.
Алматы облысының Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында тұрғын үй өртке оранды. Салдарынан анасы мен сәбиі көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау үш тұрғын үй мен шаруашылық нысандарын шарпыған. Өрт туралы хабар кеш берілген. Сол себептен де жалын жылдам таралып кеткен. Құтқару жұмыстарына қою түтін, қамыспен қапталған қабырғалар, үйлердің бір-біріне тым жақын орналасуы және тар көшелер үлкен кедергі болған.
Қираған үйдің ішінен ана мен баланың мәйіті табылды. Сондай-ақ тағы бір тұрғын түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілген. Жалпы өрт 448 шаршы метр аумақты қамтыған. Қауіпсіздік үшін төрт газ баллоны сыртқа шығарылды.