"Түрмеге қайта отырады": рақымшылыққа ілінген Жомарт Ертаевқа қатысты сот қаулысының күші жойылды
Жомарт Ертаевқа қатысты сот қаулысының күші жойылды.
Экс-банкир Жомарт Ертаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулының күші жойылған. Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Жомарт Ертаев темір тордың арғы жағына қайта оралады.
"Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Бас прокуратура, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын", - деп жазды депутат.
Сонымен қатар, Ермұрат Бапи Facebook-те "Жомарт Ертаев түрмеге қайта отырады" деп жазған.
Еске салсақ, Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын-ала келісу арқылы BANK RBK-дан 144 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді.