Басты жаңалықтар

Қазақстанда өткен айда азық-түлік бағасының қайсысы қымбаттап, арзандағаны анықталды

Қыркүйек айы бойынша көкністер мен жеміс-жидек бағасы арзандаған.

2025 жылғы қыркүйекте Қазақстандағы айлық инфляция деңгейі 1,1%-ды құрап, ал жылдық көрсеткіш 12,9%-ға жеткен. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қыркүйек айында көкөністер мен жеміс-жидек бағасы айтарлықтай арзандаған.

  • пияз – 15,6%-ға;
  • картоп – 10,3%-ға;
  • қызылша – 9,5%-ға;
  • қырыққабат – 9,3%-ға;
  • сәбіз – 9%-ға;
  • жүзім – 6,6%-ға;
  • қызанақ – 5,9%-ға;
  • лимон – 5,3%-ға;
  • алма – 4,8%-ға.

Сонымен бірге ас содасы (+2,8%), кофе (+2,6%), апельсин (+2,5%), жарма өнімдері (+1,5%) және консервіленген жемістер (+1,2%) қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде фотоаппарат бағасы 0,7%-ға арзандады.

Ал алтыннан жасалған неке сақиналары – 4,3%-ға, қол сағаттары – 2%-ға, цемент – 1,4%-ға қымбаттаған.

Киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, жуғыш және тазалағыш құралдар орта есеппен 1,1%-ға, ал жеке пайдалануға арналған тауарлар 0,9%-ға қымбаттады.

Қыркүйек айында қызмет көрсету саласында әуе билеттері – 4,2%-ға;санаторий қызметтері – 1%-ға арзандады. Ал қоғамдық тамақтану – 0,9%-ға, шаштараз қызметтері – 0,7%-ға, фитнес-залдар – 0,3%-ға қымбаттады.

  1. ғы қыркүйекпен салыстырғанда Қазақстандағы инфляция 12,9%-ды құрады. Күріш – 8,2%-ға, кептірілген өрік – 3,5%-ға, жержаңғақ – 2,2%-ға арзандады. Сонымен қатар кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,3%-ға қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш – 35,8%-ға, мұздатқыш – 21,2%-ға, асхана құралдары мен электр бұрғылары – 6,4%-ға, электр шамдары – 4,8%-ға қымбаттады.

Өткен жылмен салыстырғанда мына қызмет түрлері едәуір қымбаттады:

  • аяқ киім жөндеу – 9,4%-ға;
  • тұрғын үйге қызмет көрсету және жөндеу – 6,9%-ға;
  • бассейн қызметтері – 10,3%-ға;
  • спортзал қызметтері – 9,5%-ға.

Тұтыну бағалары индексі (ТБИ) ай сайын 508 тауар мен қызмет түрі бойынша есептеледі.

2025 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымы мынадай үлесте белгіленген:

  • азық-түлік тауарлары – 40%;
  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,3%;
  • ақылы қызметтер – 29,7%.