Қоғам

"Күн сайын үсті-басы шағылған": Алматыда ата-аналар мектепте балалар бүргеге таланып жүргенін айтты

Ата-аналар балаларының мектепте бүргеге таланып келетініне шағымданды.

Әлеуметтік желіде Алматы мектебінде оқушыларды бүрге шағып жатқаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Желіде жазбаның авторы баласының күнде денесі қызарып келетінін айтқан. Видеода ата-аналар аяғына өрмелеген жәндіктерді ұстап алып көрсеткен.

 «№127 мектепте балалар бүргеге таланып жатыр. Олар күн сайын үсті-басы шағылған күйде үйге оралады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке өтініш жібердік. Алайда, өкінішке қарай, қабылданып жатқан шаралар нәтиже бермей отыр. Біз, ата-аналар, балаларымыздың денсаулығына алаңдап отырмыз және осы мәселені шешуге ықпал ете алатын барлық тұлғаға хабарлап, жедел және тиімді шаралар қабылдауды сұраймыз», - делінген хатта.