«Көктайғақ болады»: ҚазАвтоЖол өкілдері жүргізушілерге ескерту жасады
Еліміздің кейбір өңірлерінде қар жауып, көктайғақ болады.
Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болуы ықтимал. "ҚазАвтоЖол" өкілдері жүргізушілерге үндеу жасап, жолда абай болуды ескертті. Синоптиктердің болжамынша, қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"2 қазан кешкісін Абай, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен көктайғақ күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.
Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" өкілдері жүргізушілердің 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.