Атырауда полиция формасын киген ер адам жедел жәрдем көлігінде шу шығарды (ВИДЕО)
Желіде мас ер адамның жедел жәрдем көлігінде төбелес шығарған видеосы тарап кетті.
Атырауда мас ер адам жедел жәрдем көлігінде төбелес шығарды. Бұл туралы видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“2 қазан күні Балықшы ықшамауданында адамдар Toyota Highlander көлігінің ішінде есінен айырылғандай күйде отырған екі ер адамды байқап қалып, “103”-ке хабарласқан. Екеуі де қатты мас. Бірі полицияға тапсырылды, ал екіншісі — 29 жастағы атыраулық аяғынан жарақат алғандықтан жедел жәрдем көлігіне жеткізілді. Алайда ол жедел жәрдем ішінде қарсылық көрсетіп, төбелес шығарған. Ол полиция формасына ұқсайтын камуфляж киген”, – делінген жазбада.