Қоғам

Келесі жылы әлеуметтік төлемдер 10 пайызға көбейеді

2026 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер көтеріледі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеу қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу бойынша бұрын тағайындалған төлемдер 10 пайызға көбейеді, деп хабарлайды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті қаулы жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады. Ведомствоның мәліметінше, төлемнің мөлшері әр адамға жеке есептеледі. Ол мына факторларға байланысты:

  • соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударым жасалған орташа айлық табысқа;
  • еңбекке жарамдылықтан айырылу деңгейіне;
  • асырауындағы адамдар санына;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне;
  • табысты алмастыру деңгейіне.

Өткен жылы МӘСҚ-тан аталған екі төлемді шамамен 150 мың қазақстандық алған:

  • 66 мың отбасы асыраушысынан айырылған жағдайда 25,3 млрд теңге алды. Орташа айлық төлем – 74 460 теңге.
  • 97 мың адам еңбекке қабілеттілігінен айырылғаны үшін 34,5 млрд теңге алды. Орташа айлық төлем – 71 468 теңге.