Кесарь тілігінен кейін алматылық әйелдің ішінде дәке қалып қойған: Денсаулық сақтау министрлігі шағымды қабылдамады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:00
- 42

Алматыда әйелдің ішінен кесарь тілігінен кейін дәке табылды табылды. Ол сонымен тоғыз ай жүрген. Денсаулық сақтау министрлігі №2 перзентхананы тексеріп, әйелдің шағымын негізсіз деп таныды, медициналық мекеме тарапынан бұзушылық анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Осы жылдың шілдесінде заңгер Анна Чернова науқастың Алматыдағы №2 перзентханада босанғаннан кейін зардап шеккенін айтқан болатын. 2024 жылдың тамызында әйелге кесарь тілігі жасалған, бірақ келесі күні-ақ ол қатты ауырсынуға шағымданған. Адвокаттың айтуынша, дәрігерлер оған «бәрі таза» деп сендіріп, үйіне шығарып жіберген.
Әйел тоғыз ай бойы ауырсынудан қиналған. Тек 2025 жылдың мамырында КТ (компьютерлік томография) оның кіші жамбасында бөтен түзілісті көрсеткен. 3 маусымда жасалған ота кезінде дәрігерлер оның ішінен ұмыт қалған марля салфетканы алып шыққан. Ол перитонитке және ішкі ағзалардың зақымдануына әкелген. Әйелдің ішегінің бір бөлігі алынып тасталды. Қазір ол калоприемникпен өмір сүруге мәжбүр. Ол дәрігерлерді немқұрайдылық үшін сотқа бермек.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тексеру жүргізуді сұраған еді.
Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталық пен №2 емханаға жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін хабарлады. Тексеру 2025 жылдың 7 тамызында аяқталған.
«Пайдаланылған материалдардың есебі дұрыс жүргізілген. Операция алаңында салфетка қалды деп есептеуге негіз жоқ, есеп-қисап құжаттарына сәйкес. Пациент ауруханадан шығарылғанға дейін кіші жамбас ағзаларына УДЗ жасалған, бөгде зат табылғаны туралы мәлімет жоқ. Шағым негізсіз деп танылды», – деді министрліктегілер.
Сонымен қатар, медициналық тексеру комитетінің департаменті науқас кейін жүгінген болуы мүмкін жеке клиниканы да тексерген.
«Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді, сондай-ақ материалдар құқық қорғау органдарына жолданды», – делінген министрліктің ресми жауабында.