Қоғам

Жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады: 4 қазанға ауа райы болжамы

Қазгидромет 4 қазан, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, антициклон сілемі әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде 1-3°С үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі, батысы мен шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Айта кетейік, Қарағанды облысында қазан айында ауа райы қандай болатынын жазған болатынбыз.