Ақтөбелік жас ана қан тапсыруға емханаға барып, жындыханада 1 күн жатып келген
Мектепте еңбек ететін әйел жындыханадағы бір күнде күйзеліске түсіп кеткенін айтады.
Ақтөбеде есінен танып құлаған 28 жастағы келіншек жындыханадан бір-ақ шыққан. Ақнұр Шәкір өзін «ақ халаттылар тексермей, алдап психикалық орталыққа жатқызғанына ашынып отыр. Жүйкесі бұзылмағанын айтып, шыр-пыр болған әйел өз ісіне салғырт қараған дәрігерлерді жазалауды талап етеді, деп жазды KYN.KZ тілшісі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл мектебінде еңбек ететін келіншек жындыханада жатқан бір күнімде күйзеліске ұшырадым дейді. Ақнұр Шәкір осыдан бес ай бұрын ана атанған. Бұл жеті жыл күтіп, экомен босанған тұңғыш сәбиі. Алайда жас ананың қуанышы соңғы күндері қорқынышқа айналған. Айтуынша, кейінгі кезде баласының ұйқысы бұзылып, бірнеше күн бойы көз ілмепті. Қатты шаршағаннан талып құлаған. Ал, аудандық дәрігерлер емдеудің орнына жүйке ауруына шалдықты деген диагнозбен жындыханаға алдап апарды деп отыр.
«Қалаға областной больницаға анализ тапсырамыз деп алдап алып келді. Анализ тапсырамыз дейді да жаңағы псих больницаға әкеліп қамап тастады. Больницада мен ұйықтай алмадым. Ананың ішінде енді кәдімгі психиатр, қасыма үлкен апа жатып алған. Ол апа деген кәдімгідей бақырып, сөйлейді, матрасты жерге лақтырып жерге жатады»,-дейді Алға ауылының тұрғыны Ақнұр Шәкір.
Жас келіншек психикалық орталықта жатып керісінше күйзеліске түскенін айтады. Ақыл-есім дұрыс екенін дәлелдесем де ақ халаттылар қинап дәрі берді деп күйінеді.
"Қамап тастағанан кейін барып, қағазбен тест әкелді. Бәрін орындап беріп тұрмын. Молодец дейді, сұрақтар қойды. Есеп қойды. Бәріне жауап беріп тұрмын. Мен мұғаліммін бәрін біліп тұрмын есімді. Жеті атама дейін сұра деп айттым до того. Одан дәрі берді. Мынаны дәріні не үшін ішемін, ондай ауырып тұрған жоқпын, балама зиян емес пе бала емізімен ғой деп айтып едім. Оны да аузымды ашып тұрып дәріні қинап беріп, су ішкізді",- дейді Алға ауылының тұрғыны Ақнұр Шәкір.
Ал Ақнұрдың ата-анасы болған жайтты естіп аң-таң болғандарын жасырмайды.
"Босанғаннан кейін родовой не деп стресс алған бұл қыз, соны емдейміз 21 күн деді. Шығара алмаймыз соттың заңы бар, шығару үшін ұстауымыз керек деді. 102-ден адам шақырып едік. Участковый мен де дым істей алмаймын деді. Бала қолымызда бес ай болатын баласы бар. Ол бала шырылдап көнбеді",- дейді Ақнұрдың анасы Гүлден Жәумитова.
Психикалық орталықтың мамандары дәрігерлік құпияны алға тартып, науқасқа қатысты ақпарат беруден бас тартты. Тек кез келген адамды негізсіз емдеу мекемесіне жатқызбайтындарын жеткізді.
"Бірінші плановый госпитализация дейміз, ол план бойынша порталға тұрып, участковый дәрігерге барып, мекенжай тұратын жерінен. Сол жерден жолдама алады. Екінші неотложный госпитализация дейміз. Ол скорый помощь арқылы. Үшінші самообращение, мысалы, ауырып тұрған жағдайда,бізге келіп қолхат жазып, емдеп беріңізші деп. Құқықтарын бұзбаймыз, құжаттар бойынша өздерінің тума туысының арызы бойынша тек қана",-дейді ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Гүлмира Оразова.
Келіншекті жындыханаға жіберген аудандық емхана дәрігерлері қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ал мектепте еңбек ететін әйел жындыханаға жатқан бір күні ертең жұмыс істеуіне кедерігі болмайды ма деп қорқады.