Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ажырасып кетсем де ақша беріп тұрдым»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуіне қатысты шындықты жайып салды

«Ажырасып кетсем де ақша беріп тұрдым»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуіне қатысты шындықты жайып салды
Сурет: ашық дереккөздерден
Дариға Бадықова күйеуімен ажырасып кетсе де, оған ақша беріп келген.

Белгілі актриса Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевқа ажырасып кеткеннен кейін де ақша бергенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Актриса бұрынғы күйеуінің өтірік айтқанына күйінді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Менің өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой деп көп нәрсені ашып айтпадым. Бекер жасаған екенмін. Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен «жертво» болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз уақыт болды. Артысып, тартысып бір үйде жай тұрып жаттық. Толық айтамын бәрін. Киноға жасаған қастаңдығы. Мені қызғансаң да өнерімді тартып ала алмайсың. Бақытты болып өмір сұрмедік. Уылжып ажырасқандай болып отыр. Ажырасудың себебі көп болды. Өтірік өмір сүргенім ай...», - деді Бадықова.

Айтуынша, ажырасып кетсе де үйінде тұрғызған. Сондай-ақ, күйеуіне ақша беріп тұрған.

«Кеткен әйел қашан да жаман .Өзім әйел еркек болудан шаршадым. Қырық өтірігін бөсіп отыр. Әлі істейтін ісі жоқ екен. Тамақ, киім қайдан келіп жатқанын білмейтін. Кетіп қалсам да ақша сұрап мазамды алып болған. Кейінгі кезде ақша бермей қойғанмын. Ажырасып кетсем де сау адамға ақша беріп тұрдым. Құрбыларым тоқтатты берме деп. Ақша бермей қойғасын шығарып отыр осы әңгімені», - деді продюсер Бадықова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар