«Миллиард теңгеден кейін мүлдем өзгеріп кетті»: Дариға Бадықованың күйеуі әйелін ақша өзгертіп жібергенін айтты
Дариға Бадықованың күйеуі ақша ұстаған әйелінің адам танымастай өзгеріп кеткенін жеткізді.
Актриса Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев әйелі Дариға Бадықованы ақша өзгертіп жібергенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында айтты.
“Миллиард теңгеден кейін мүлдем өзгеріп кетті. Соңына дейін көрейінші не боларын дедім. Сонымен фильмнің көрсетілімі тоқтайды. 1 миллиард 850 миллион теңге жиналды дегенде мүлдем өмірімде көрмеген Дариғаны көрдім. Осының алдында мынандай әңгіме болды. “Дархан, сен қанша жыл ұрпақсызсың. Мен саған тоқал алып берейін. Осы үйде тұр, болмаса сол әйелмен бөлек қала тұр. Ұрпақ сүйсең” деп күліп отырып айтты. Мен “былықтырма, олай болмайды, енді арманымызға жеткенде ондай әңгімені қой” дедім”, – деді Дархан Мұсаев.
Айтуынша, соңғы 2-3 жылда табысы Дариға Бадықованың табысынан 34 есе азайған. Сол себепті де әйелі сағын сындыра бастапты. Тіпті актер өзінің күшік күйеу болғанын да жасырмады.
“Мен үшін бауырларым, туысқандарым, сыныптастарым жоқ болды. Әкем Дариға екеуіміз отасқалы бері үйіме 3-4 рет қана қонды. Үш бауырым бар. Бейбіт Мұсаев өнер адамы, қолында бар адам болған соң қабағын ашқан болар. Үлкен бауырым да 4-5 рет қонды. Ал туған әпкем, ана орнына ана болған Мәншүк 16 жыл бойы мүлдем үйіме келмеген. Дариғаның қабағына қарадым. Жақтырмайды. “Осы тыныш болсыншы” деп қатынжанды болып кеттім. 18 жыл бойы күшік күйеу болғаныма өкінемін”, – дейді ол.