Қоғам

Берденовке жасалған қастандық: апелляциялық сот істі қайта қарайтын болды

Апелляциялық алқа Берденовке қастандық жасау бойынша ісін қайта қарайды.

Шымкент әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша апелляциялық сот алқасы істі қайта қарайтын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Апелляциялық алқа істі 8 қазан күні қарауға кіріседі. 

Otyrar.kz мәліметінше, 2-11 қыркүйек аралығында бұл іс бойынша бес апелляциялық шағым тіркелген. Алайда шағым иелері мен олардың дәлелдері туралы ақпарат жарияланбаған.

Айта кетсек, Руслан Берденов Алматының дамуына жауапты мекемеге бас директор болып тағайындалды.