Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның маңызды тұлғаларының қатарына енді
Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі ел тарихына ықпал еткен тарихи тұлғалардың қатарына қосылды.
Отбасылық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның маңызды тұлғалары пантеонына енгізілді. Бұл туралы оның ағасы Айтбек Амангелді мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтбектің жазуынша, ол анасымен бірге Қостанай облысындағы «Амангелді» кешеніне арнайы барып қайтқан. Онда мемориалдық қабырға мен пантеон орналасқан.
«Осы пантеонда Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалардың қатарында Салтанаттың есімі жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Бұған дейін біз Павлодардың топырағын пантеонға жіберіп, оны мемориалда капсулаға салдырғанбыз. Мұнда Салтуды ел тарихына ықпал еткен тарихи тұлғалардың қатарына қосқан. Жолға кеткен кез келген шақырым мен сағаттар сол сапарға әбден татиды», – деп жазды өз жазбасында Айтбек Амангелді.