Қарағандыда қыздың денесі табылған полиция бекетінде ес-түссіз жатқан полицияның жағдайы тұрақтанды
Қарағандыда ес-түзсіз табылған полицияның жағдайы жақсарып келеді.
Қарағандыдағы полиция пунктінде ес-түссіз күйде табылған майордың жағдайы тұрақтанды. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды, алайда ол әлі де ауыр халде. Ер адам ауруханадан шыққан соң 23 жастағы Эльмираның жұмбақ өліміне байланысты тергеуге алынбақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Patriot арнасына сілтеме жасап.
Қарағандыдағы Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінде ес-түссіз күйде табылған учаскелік полиция инспекторының жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер оның өміріне төнген қауіпті еңсеріп, жағдайын тұрақтандырды.
"36 жастағы науқастың жағдайы ауыр, бірақ енді аса ауыр емес. Жағдайының жақсаруы байқалады", – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Егер полиция майорының емделу процесі сәтті өтсе, ауруханадан шыққан соң оны 23 жастағы Эльмира есімді қыздың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында тергеуші сұраққа алады. Марқұм Эльмираның артында төрт жасар ұлы қалды. Бала күн сайын анасын іздеп жүр. Қыз РТИ (Резеңке-техникалық бұйымдар зауыты) ауданында жерленген.
Марқұмның туыстары химиялық-токсикологиялық сараптама қорытындысын күтіп отыр. Бұл сараптама оның өлімінің нақты себебін анықтап береді. Эльмира жұмыс істемеген, баласын өзі тәрбиелеп отырған. Ол полицейді бұрыннан таныған.
Айта кетейік, 30 қыркүйек кешінде аға учаскелік инспектор полиция тірек пунктіне келген кезде диванда шешінген күйде жатқан, өмір белгілері байқалмаған қызды тапқан.
Ал басқа бөлмеде үстел үстінде полиция майоры ес-түссіз күйде жатқан. Ер адам мен қыздың қанша уақыт бойы сол күйде болғаны әзірге белгісіз.