Мәдениет

Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлы көз жұмды

Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлы дүниеден озды.

Танымал әнші Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлы Әлішер қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Қаралы хабарды Қостанай облысы, Наурызым ауданының әкімдігі хабарлады. 

“Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл орны толмас ауыр мезгілсіз қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін”, – деп жазды Наурызым ауданының әкімдікі. 

Еске салсақ, тамыз айында Тамара Асар жолдасының ұлына арнап жазба жариялаған болатын. Оған ақ тілегін айтып, амандығын тілеген еді.