Басты жаңалықтар

Жамбыл облысында полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

Жамбыл облысындағы даулы тұтқындаулардан кейін полиция департаментіне жаңа басшы келді.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді.

"ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңа ПД бастығын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырған.

Қайсар Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері қызмет етеді. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитетінің және департамент бастығы болған.