Түркістан облысында дамуында ауытқуы бар жігітті зорлады: сотта үш ағайынды кінәсін мойындамады
Түркістан облысында ағайындылар дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігітті ұзақ уақыт бойы зорлап келген.
Түркістан облысы Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігітке қатысты зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Сотталушылар 6 қазанда соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 2025 жылдың наурызында "НеМолчи.kz" қоры жариялаған болатын. Жазуынша, даму деңгейі төмен 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқан ағайындылары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.
Іс жабық режимде өтіп жатыр. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары) айыпталып отыр.
Үшіншісіне – топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармақ; ҚК-нің 188-бабы) айып тағылған.
Прокурор соттан әрқайсысын тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Жәбірленушінің адвокаты Гулайхан Турcуманованың айтуынша, сотталушылар соңғы сөз сөйлеу кезінде дәлелге қарамастан, кінәларын мойындамаған.
"Үшеуі де зорлау дерегін жоққа шығарды, бірақ олардың бірі ұрлық эпизоды бойынша кінәсін мойындады. Жәбірленуші алғашқы күннен бастап бірдей әрі дәйекті жауап беріп келеді. Прокурор бірнеше рет нақтылап сұрады: "Сен шынымен шындықты айтып тұрсың ба, олар сені шынымен зорлады ма?" - деп. Жігіт әр жолы шындықты айтып тұрғанын айтты. Зорлық бір-екі ай емес, ұзақ уақыт бойы жалғасқан", – деді Турcуманова.
Оның айтуынша, прокурор сотталушыларға тым жеңіл жаза сұраған, ал бап санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
"Менің ойымша, 9 жыл - бұл аз. Біз әрқайсына 12 жылдан сұрадық. Егер сотталушылар кінәларын мойындап, жәбірленушінің отбасы кешірім берсе, ең төменгі мерзім жайлы айтуға болар еді", – деді адвокат.