«Некедегі әйелімен ажыраспай жатып көз салады»: Абай Олжай даулы оқиғаға қатысты жауап берді
Белгілі актер Олжас Абай Дариға бадықованың күйеуінің айтқандарынан кейін жазба жариялады.
Белгілі актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуінің іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ерлі-зайыптының ажырасып кетуіне өзінің еш қатысы жоқ.
“Оу, ағайын! Өмірге ренішті болып, жаман сөз жазып, мені жерден алып, жерге салып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, “молодец” деп қошамет соғып едіңдер. Енді бір жақты ойлайтын адамның қызғанышына сеніп, менің өнерге деген шексіз сүйіспеншілігімді аяқ асты етпеңдер", – деді актер.
Олжас Абай әріптесі Дариғамен кинода ғана серіктес екенін айтты.
“Некедегі әйелімен ажыраспай жатып көз салады дегендер — мені түсінбегендер. Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. 15 жылда 25-тен аса кинотуындыға түсіп, халықтың миллиондаған қошеметіне бөленген актер ретінде мен өз еңбегіммен жетістікке жеттім. "Дариғадай мінезді, мықты актрисамен серіктес болып жұмыс істедім. Сол еңбегімді өнер жолындағы жетістік деп білемін. Басымды бала күннен тік көтеріп жүрмін, ары қарай да жүре берем”, – деді кино жұлдызы.