Мәдениет

«Әкемнен бе?»: Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы анасының жүктілігін естігенде таңқалды (ВИДЕО)

Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігін балаларына айтқан сәтінің видеосын жариялады.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртас анасы Жұлдыз Әбдікәрімованың кімнен жүкті болып қалғанын сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі аяғы ауыр екенін балаларына айтқан сәттің видеосы желіде жарияланып кетті.

«Сіздің аяғыңыз ауыр ма? Шынымен бе? Кімнен? Әкемнен бе?» – деп қызы сұраған.

Қызының бұл сұрағына Жұлдыз өзі де күліп, себебін түсіндірді.

«Айтпаңыз, қызымның қобалжығаны сонша, абдырап, неше түрлі сұрақ қойды ғой. Бала тілі бал», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда бесінші сәбиін босанған болатын.