Қоғам

Елімізде автотұрақ ережелерін бұзған көлік жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері белгілі болды

Көлікті дұрыс қоймаған жағдайда жүргізушілерге айыппұл салынады.

Көлікті дұрыс қоймау немесе тоқтату ережесін бұзған жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі 11 796 теңгеден 39 320 теңгеге дейін өзгереді. Ақылы автотұрақ үшін төлем жасамаған жүргізушілерге алғаш рет анықталған жағдайда 1 АЕК (3 932 теңге) айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде қайталанса 2 АЕК (7 864 теңге) төлейді.

Тоқтау және көлікті қою ережесін бұзған көлік жүргізушіге 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 19 660 теңге (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынатынын Ішкі істер министрлігінің мәлім етті.

Ал жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіретін немесе қоғамдық тәртіпті бұзатын жағдайларда айыппұл көлемі ұлғаяды. Ол үшін 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.