«Есінен танып қалған»: Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз көз жұмды
Маңғыстау облысында сарбаз қаза тапты.
Маңғыстау облысындағы шекара заставасында сарбаз қаза болғаны туралы ақпарат желіде тарады. Ол әскерге көктемде шақырылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға 7 қазанда "Үстірт" шекара заставасында болған. Бөлім командирінің тапсырмасымен әскери қызметші дизель-генератор радиаторын жуу үшін бензин әкелу мақсатында қоймаға барған. Тапсырманы орындау кезінде сарбаз жанармай буларына уланып, есінен танып қалған. Шамамен 10 минуттан кейін оны жерде жатқан күйінде байқаған сарбаз көмек көрсетуге тырысқан. Алайда оны құтқарып қала алмаған.
ҰҚК баспасөз қызметі әскери қызметшінің қаза болғаны туралы ақпаратты растады.
"Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде қайғылы жағдай болды, мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болған", – деп хабарлады ҰҚК.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында егізімен әскерге барған Дінмұхамед есімді әскери қызметші қаза тапқаны туралы жазған едік.