Мәдениет

«Тағы бір бала қиын болады»: Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлы оның жүкітілігн естіп, жылап қалды

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің жүктілігін ұлдары қалай қарсы алғанын көрсетті.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүкті екенін балаларына айтқан сәтін желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның алдында өнер иесі екінші қызы Алуаға айтқан сәтін жүктеген болатын. Енді үлкен ұлы Нарұлдың әсерін бөлісті.

«Баланы туасыз ба? Тағы бір бала қиын болады. Оны бағу керек. Сіз шаршайсыз ғой. Біз сізге бәрібір көмектесуіміз керек қой. Қазір мен бағам деп отырсыз. Ертең қиын болады», - деп ол жылап қалды.

Ал үшінші баласы Хан анасының жүкті екенін естігенде қатты қуанған.