«Жиі ақша сұраған»: Маңғыстау облысында көз жұмған сарбаздың туыстары оның газдан уланғанына сенбейді
Белгілі журналист Маңғыстау облысында көз жұмған сарбазға қатысты айтты.
Маңғыстау облысының “Үстірт “ шекара бекетінде жанармайдың буына уланып көз жұмды деген болжамға сарбаздың туыстары сенбейды. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы желідегі параұшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жазуынша, марқұм туыстарынан жиі ақша сұраған. Қазіргі кезде өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Өз аяғымен отан алдындағы борышымды өтеймін деп әскерге аттанып, Қызылорда шаһарына табытпен жеткізілген Еркебұлан Сағындықты жоқтаған ананың зарын тыңдайтын кім бар? Фельдшерлік мамандықты меңгеріп, ғұмырын халықты ауру-сырқаудан емдеуге бел буып, таудай -таудай жоспар құрған жас ғұмыр тағы әскерден тірі қайтпады. Бұл не сұмдық?
Маңғыстау облысының “Үстірт “ шекара бекетінде жанармайдың буына уланып көз жұмды деген болжамға туыстары сенбейді. Бірақ неліктен жиі ақша сұрағаны да туыстарына жұмбақ болып тұр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұлай жалғаса берсе, мен де баламды әскерге жіберуден бас тартамын», - дейді журанлист.
Жазира Бегалы әскердегі сарбаздардың табытпен оралатыны жиілеп ккеткенін және әрқайсының өлімінің себебі белгісіз күйде қалатынын да жеткізді.
«Бейбіт күнде сарбаздардың табытпен оралуы жиілеп кетті. Әрбір оқиғаның соңы сиырқұйымшақтанып, өлімнің себебі белгісіз күйде қалатыны түсініксіз. Кеше құрбым ұлын әскерден алып қалу үшін таныс іздеп жүрмін дейді. Көзінде үрей бар. Жалғыз ұлы. Бүкіл өмірін перзентіне арнады. Күйеуге де шықпады. Ал енді Армияға қалай жіберемін деп жылап қалды», - деп жазды ол.