Қоғам

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды

Жыл өткен сайын әйелдердің зейнетке шығу жасы көтеріледі.

2026 жылы Қазақстанда зейнеткерлік жас ережелері өзгеріссіз қалады: ерлер 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнетке шыға алады. Жыл өткен сайын әйелдердің зейнетке шығу жасы 2031 жылға қарай біртіндеп 63-ке дейін көтеріледі, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.

Ерлер 63 жастан бастап зейнетке шығады. Ал әйелдер:

  • 2024 жылдан 2027 жылға дейін - 61 жас;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас;
  • 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас;
  • 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас;
  • 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас.

Айта кетсек, ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабына сәйкес кейбір азаматтарға бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін жеңілдетілген жас бар, олар жалпыға белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін.

Әлеуметтік кодекстің 207-бабына сәйкес, кейбір азаматтарға бюджет қаражаты есебінен жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаудың жеңілдетілген жасы белгіленген.

Атап айтқанда, 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда кемінде 5 жыл тұрған азаматтар, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңға сәйкес, жасы бойынша зейнетақы төлемдерін ер адамдар — 50 жастан, әйел адамдар — 45 жастан бастап рәсімдей алады.