Мәдениет

Жанар Айжанованың қызы екінші рет ана атанды

Айжұлдыз Адайбекова босанды.

Белгілі әнші, марқұм Жанар Айжанованың қызы, Айжұлдыз Адайбекова екінші рет ана атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл қуанышты жаңалықты күйеуі Сәкен Қағаров өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Айжұлдызды жақындары мен оқырмандары құттықтап, жақсы тілектерін жазуда.

Айта кетсек, Айжұлдыз Адайбекова мен бұрынғы күйеуі мобилограф Қыран Талапбек екеунің Назар есімді ұлы бар.