Бағалар көтеріледі, шарықтау кезеңі болады – Ұлттық банк төрағасы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:26
- 17

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін Қазақстанда баға шарықтау шегіне жетеді, бірақ содан соң жағдай тұрақталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, үкімет ауқымды салық реформасына баруға мәжбүр болды, ал бұл реформаның инфляцияға әсері проинфляциялық сипатта болады. Алайда, бұл уақытша құбылыс.
«Бағалар көтеріледі, белгілі бір шарықтау кезеңі болады, бірақ содан кейін біртіндеп тұрақталады, біз бұл кезеңнен өтеміз. Біз инфляцияның монетарлық бөлігін және сұраныс жағын реттейміз, яғни экономикада сұраныс тарапынан артық ақша болмауы үшін жұмыс істейміз», – деді ол.
Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк тұтынушылық емес, жинақтаушы мінез-құлық моделін ынталандырып отыр.
«Адамдарға қазір ақшаны тағы бір теледидар немесе тоңазытқыш сатып алуға емес, депозитке салуға қызығырақ болатындай жағдай жасаймыз. Біз тұтынушылық емес, жинақтаушы мінез-құлықты ынталандырып отырмыз», – деді ол.
Тимур Сүлейменов атап өткендей, салық реформасы қажет, себебі бұған дейін ел тым жиі Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге сүйеніп келді және «болашағымызды жеп қойдық».
«Келер жылдан бастап жүзеге асырылатын салық реформасы қажет, себебі өздеріңіз көріп отырсыздар – шығындар көп, ал мұнай-газ секторынан түсетін табыс жеткілікті деңгейде емес. Біз барған сайын Ұлттық қор трансферттеріне тәуелді болып барамыз. Бұл дұрыс емес. Біз болашағымызды жеп қойдық. Сондықтан үкімет үлкен салық реформасына баруға мәжбүр болды», – деп түсіндірді ол.